Александр Бублик Бельгияда өткен ATP турнирін жеңіп алды

Ол ATP рейтингінде 36-орында тұр

Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Бельгияның Антверпен қаласында өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы мәлімдеді.

«Александр Бублик Антверпенде өткен ATP 250 турнирін жеңіп алды», - делінген аталған хабарламада.

Финалда жерлесіміз Францияның 19 жастағы теннисшісі Артур Фистен 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам