Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады

03.10.2023, 00:56

Екінші айналымда ол Германия теннисшісімен кездеседі

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 China Open турнирін жеңіспен бастады деп хабарлайды «Бірінші бол» тілшісі.

Жарыстың бірінші айналымында жерлесіміз қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Матч небәрі бір сағатқа созылды.

Екінші кезеңде Рыбакина неміс теннисшісі Татьяна Маринамен кортқа шығады.

Сондай-ақ, осы жарыста өнер көрсетіп жатқан тағы бір қазақстандық қыз Юлия Путинцева екінші айналымда француз теннисшісі Каролин Гарсиямен өзара мықтыны анықтайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам