Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Анна Данилина «Ролан Гаррос» финалында бақ сынайды

Бүгін, 10:14

Финал 7 маусым күні өтеді

Анна Данилина «Ролан Гаррос» финалында бақ сынайды
ktf.kz

Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Францияның ашық чемпионатында тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге «Ролан Гаррос – 2026» турнирінің финалына жолдама алды.

Әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Данилина мен Крунич жарыстың екінші нөмірлі жұбы ретінде сынға түсуде. Жартылай финалда олар жапониялық Сюко Аояма мен Тайбэй өкілі Лянь Энь Шуо жұбын екі сет қорытындысы бойынша 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Данилина мен Крунич эйс жасаған жоқ және бірде-бір қос қателікке жол бермеді. Сонымен қатар алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланып, өз геймдерін тек бір рет қана қарсыластарына берді.

Енді чемпиондық атақ үшін өтетін шешуші кездесуде қазақстандық-сербиялық жұп әлемдік рейтингтің көшбасшылары – чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендке қарсы ойнайды. Финал 7 маусым күні өтеді.

Айта кетерлігі, Анна Данилина мен Александра Крунич өткен жылы да Париждегі «Ролан Гаррос» турнирінің финалына дейін жеткен болатын. Алайда шешуші кездесуде олар италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани жұбына жол беріп, күміс жүлдемен шектелген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам