Әлемдік рейтингте сегізінші орында тұрған спортшы финалда польшалық Майя Хвалиньскаямен кездесті
Ресейлік теннисші Мирра Андреева Францияның ашық чемпионатында (Roland Garros-2026) жеңімпаз атанып, мансабындағы алғашқы «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алды.
Әлемдік рейтингте сегізінші орында тұрған 19 жастағы спортшы финалда польшалық Майя Хвалиньскаямен кездесті. Шешуші матчта Андреева қарсыласына мүмкіндік бермей, екі сетте жеңіске жетті – 6:3, 6:2. Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылды.
Осылайша Мирра Андреева 2014 жылдан бері «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарған алғашқы ресейлік теннисші атанды. Бұған дейін бұл жетістікке әйгілі ресейлік теннисші Мария Шарапова қол жеткізген еді.
Турнирдегі жеңісінің арқасында Андреева WTA рейтингінде екі сатыға көтеріліп, әлемнің алтыншы ракеткасы атанбақ.