Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубайдағы турнирді жалғастырмайды

22.02.2024, 16:54

Аталған турнирдің жүлде қоры – 3 миллион доллар

Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Дубайдағы турнирді жалғастырмайды
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирін жалғастырудан бас тартты деп хабарлады Championat.com.

Белгілі болғандай, қазақстандық теннисшінің асқазаны сырқаттанған. Ол осылайша жарысты ширек финалдан аяқтады.

22 ақпанда Рыбакина ширек финалда италиялық теннисші Ясмина Паолинимен кортқа шығуы тиіс болған. Паолини енді қарсылассыз жартылай финалға жолдама алып отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам