Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Бублик ұнайды»: Шайдоров пен Зарина Диас тәжірибе алмасты

Бүгін, 16:47

Михаил Шайдоров Зарина Диаспен кортта жүздесті

«Бублик ұнайды»: Шайдоров пен Зарина Диас тәжірибе алмасты
әлеуметтік желі

Қазақстандық теннисші Зарина Диас пен мәнерлеп сырғанаудан әлемдік деңгейдегі спортшы, Олимпиада жүлдегері Михаил Шайдоров спорттағы сезім, психологиялық дайындық және кәсіби шеберліктің қырлары туралы ашық әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында спортшылар өз спорт түрлеріндегі ұқсастықтарды талқылады. Зарина Диас теннисте кейде белгілі бір соққыны ұзақ уақыт бойы сезіне алмай қалатын жағдайлар болатынын айтып, мұндай қиындық мәнерлеп сырғанауда да кездесетін-кездеспейтінін сұрады. Өз кезегінде Михаил Шайдоров мұзды сезіну де әрдайым оңай емес екенін жеткізді.

«Мұздың сапасына да, конькиге де байланысты. Бір апта сырғанамай қалсаң, мұзды мүлде сезбей қалатын кездер болады», – деді ол.

Әңгіме барысында Шайдоров теннисті ерекше ұнататынын айтып, сүйікті ойыншысы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екенін атап өтті.

«Ол эмоцияға бай, қызықты спортшы», – деді мәнерлеп сырғанаушы.

Сондай-ақ Михаил Шайдоров спорттық психологпен жұмыс істеу тәжірибесі туралы да бөлісті. Оның айтуынша, психологтың көмегі Олимпиада маусымында аса маңызды рөл атқарған.

«Олимпиадалық маусым – спортшы үшін ең қиын кезеңдердің бірі. Тамыздан ақпанға дейін эмоциялық жүктеме өте жоғары болды. Ең бастысы – сол қысымды көтере білу», – деді ол.

Кездесудің соңында Зарина Диас әріптесіне теннистегі форхенд соққысының техникасын көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді. Ал Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудағы қозғалыс элементтерінің қыр-сырын түсіндіріп, спортшылар өзара тәжірибе алмасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам