Былтыр да дәл осы кортта италиялық теннисші жеңімпаз атанған болатын
«Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирін биыл тағы да италиялық Янник Синнер жеңіп алды. Финалда ол Германия теннисшісі Александр Зверевпен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті.
Матч 3 сағат 46 минутқа созылды. Синнердің еншісінде 15 эйс, 2 дабл-фол және 2 брейк-пойнт. Ал, Зверев болса 17 эйс, 2 дабл-фол жасап, бірде-бір брейк-пойнт жүзеге асыра алмады. Нәтижесінде, бірінші сетте неміс теннисшісі жеңіске жетіп, қалған үш сетті Синнер өз пайдасына шешті, есеп – 6:7 (9:7), 7:6 (7:2), 6:3, 6:4.
Осылайша Синнер Уимблдондағы чемпиондық атағын қорғап қалды. Былтыр да дәл осы кортта италиялық теннисші жеңімпаз атанған болатын. Ол кезде финалдық матч испан Карлос Алькарасқа қарсы өткен және дәл осылай 3:1 есебімен аяқталған (4:6, 6:4, 6:4, 6:4).