ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Жібек Құламбаева WTA турнирінің іріктеу финалына шықты

12.07.2026, 20:30

Енді әлемнің 143-ракеткасы, испаниялық Лейре Ромеро Гормаспен кездеседі

Жібек Құламбаева WTA турнирінің іріктеу финалына шықты
Instagram/kulambayevaa

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы UniCredit Iasi Open турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты.

26 жастағы қазақстандық теннисші, қазіргі таңда WTA рейтингінде 457-орында тұрған Жібек іріктеудің жартылай финалында әлемнің 295-ракеткасы, швециялық Лиза Цаармен кездесті.

Екі сағат төрт минутқа созылған тартысты кездесуде Құламбаева алғашқы сеттегі тай-брейкте басымдық танытып, кейін екінші партияда да қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Енді Жібек негізгі жарысқа жолдама беретін шешуші матчта әлемнің 143-ракеткасы, испаниялық Лейре Ромеро Гормаспен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 283 347 АҚШ долларын құрайды. Жекелей сындағы чемпион 32 520 доллар сыйақы алып, WTA рейтингінің 250 ұпайына ие болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам