Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бублик Аустриядағы ATP 250 турнирінің финалына шықты

Бүгін, 13:44

Енді чемпиондық атақ үшін Франция өкілі Кентен Алиспен кездеседі

Бублик Аустриядағы ATP 250 турнирінің финалына шықты
KTF

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Generali Open турнирінің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді екі сетте сенімді жеңді — 6:3, 6:4. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.

Енді Александр Бублик чемпиондық атақ үшін Франция өкілі Кентен Алиспен кездеседі. Финалда жеңіске жеткен теннисші 250 ATP рейтингтік ұпайына және 93 175 еуро көлеміндегі жүлдеге ие болады.

Айта кетейік, Кицбюэльдегі ATP 250 турнирінің жалпы жүлде қоры 612 620 еуроны құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам