Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бублик ATP финалында әлемнің 83-ракеткасынан жеңілді

Бүгін, 18:40

Бублик Кицбюэльдегі чемпиондық атағын қорғай алмады

Бублик ATP финалында әлемнің 83-ракеткасынан жеңілді
Thomas F. Starke / Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирдің финалында жеңіліп, чемпиондық атағын сақтап қала алмады.

Әлемнің 11-ракеткасы шешуші кездесуде рейтингте 83-орында тұрған франциялық Кентен Галимен күш сынасты. 1 сағат 34 минутқа созылған тартысты матчта француз теннисшісі екі сетте жеңіске жетті – 6:4, 7:6.

Осылайша, Бублик өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмады. Дегенмен қазақстандық теннисші Кицбюэльдегі турнирдің финалына қатарынан екінші жыл шығып отыр. Биыл ол жарыстың басты фавориті әрі бірінші нөмірлі спортшысы ретінде өнер көрсеткен еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам