ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Соболенко Рыбакинаның бірінші ракетка атануына келісетінін мәлімдеді

Бүгін, 13:28

Соболенко бірінші орынды жоғалтса да, US Open титулын таңдауға дайын

Соболенко Рыбакинаның бірінші ракетка атануына келісетінін мәлімдеді
Getty Images

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко WTA рейтингіндегі көшбасшылықтан айырылса да, US Open турнирін қатарынан үшінші рет жеңуді маңыздырақ санайтынын айтты.

Беларусь теннисшісі жарыстың ширек финалында чехиялық Линда Носковадан 7:6, 3:6, 7:6 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Осылайша ол Нью-Йорктегі атағын тағы бір мәрте қорғау мүмкіндігін сақтап қалды.

Матчтан кейін Соболенкодан Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанса, ал өзі US Open чемпионы болса, мұндай нәтижеге келісер ме еді деп сұрады. Теннисші дәл қазір рейтингтегі жағдайдан гөрі турнирде қатарынан үшінші рет топ жаруды көбірек ойлап жүргенін жеткізді.

«Қатарынан үшінші рет чемпион атану мүмкіндігі мені әлдеқайда қатты қызықтырады. Сондықтан мұндай нәтижеге келісер едім», — деген Соболенконың сөзін Reuters⁠ келтірді.

Елена Рыбакина US Open ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңсе, турнирдің өзге нәтижелеріне қарамастан WTA рейтингінде бірінші орынға көтеріледі. Ал Соболенко көшбасшылықты сақтап қалуы үшін жарыста чемпион атанып, қазақстандық теннисшінің жартылай финалға дейін жеңілгенін күтуі керек. Бұл есепті WTA-ның ресми сайты⁠ жариялады.

Соболенко US Open турнирін 2024 және 2025 жылдары жеңіп алған. Ол биыл да чемпион атанса, Серена Уильямстан кейін Нью-Йорктегі додада қатарынан үш рет топ жарған алғашқы теннисші болады. Америкалық спортшы мұндай нәтижеге 2012–2014 жылдары қол жеткізген.

Жартылай финалда Соболенко америкалық Джессика Пегуламен кездеседі. Ал Рыбакина финалға дейін жетсе, қос теннисші шешуші матчта өзара жолығуы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам