ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

US Open: Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

Жартылай финалдық матчтар 11 қыркүйекте өтеді

WTA
WTA

Теннистен АҚШ ашық біріншілігінің жартылай финалистері толық анықталды. Қазақстандық Елена Рыбакина (№2) аталған кезеңде америкалық Коко Гауффпен (№4) кездеседі.

Ширек финалда отандасымыз Қытай теннисшісі Циньвэнь Чжэнмен (№121) кортқа шығып, 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңген болатын. Бұл жеңіс Рыбакинаны WTA рейтингінің бірінші сатысына алып шықты.

Ал, Коко Гауфф болса ширек финалда ресейлік Мирра Андреевадан (№5) басым түсті. Тартысты бәсеке 2 сағат 18 минутқа созылып, 2:6, 7:6(7), 6:2 есебімен аяқталды.

Ал, жартылай финалдың екінші жұбында Беларусь теннисшісі Арина Соболенко (№1) мен америкалық Джессика Пегула (№3) кездеседі. Ширек финалда Соболенко Чехия өкілі Линда Носкованы жеңсе, Пегула өз отандасы Эмма Наварродан басым түсті.

Жартылай финалдық матчтар 11 қыркүйекте өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам