ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстан атынан өнер көрсеткеніме қуаныштымын – Елена Рыбакина

Рыбакина Қазақстан азаматтығын 2018 жылы 19 жасында алған

WTA
WTA

US Open турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген Елена Рыбакина Қазақстан атынан өнер көрсететініне қуанышты екенін жасырмады.

Айта кету керек, Рыбакина Қазақстан азаматтығын 2018 жылы 19 жасында алған, Ресей тумасы. Сол уақыттан бері ол халықаралық жарыстарда және Олимпиада ойындарында көк тудың астында өнер көрсетіп келеді.

«Егер өзіңе сенсең бәріне қол жеткізуге болады. Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, еліміздің тарихында тұңғыш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанғанымды мақтан тұтамын», - деп жазды Рыбакина өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, АҚШ ашық біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисші жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Ширек финалда ол қытайлық Циньвэнь Чжэнді (№121) 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңген болатын. Енді жартылай финалда америкалық Коко Гауффпен кездеседі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам