ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Дамир Жалғасбай US Open финалына бір қадам қалғанда тоқтады

18 жастағы Жалғасбай америкалық Сафир Азаммен бірге финал жолдамасына таласты

KTF
KTF

Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы US Open-2026 турнирінің жұптық сайысында жартылай финалға дейін жетті.

18 жастағы Жалғасбай америкалық Сафир Азаммен бірге финал жолдамасын АҚШ өкілдері Танишк Кондури мен Марсель Латакқа қарсы сарапқа салды. Үш сетке созылған кездесу 3:6, 7:6 (8:6), 5:10 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Қазақстандық-америкалық жұп алғашқы партияда жеңілгенімен, екінші сеттегі тай-брейкте есепті теңестірді. Алайда финалға шығатын құраманы анықтаған шешуші матч-тай-брейкте Кондури мен Латак басым түсті. Кездесу бір сағат 31 минутқа созылды.

Жалғасбай мен Азам турнир барысында үш кездесуде жеңіске жетті. Олар ширек финалда пуэрторикалық Янник Альварес пен америкалық Райан Козадты 6:3, 6:7 (14:16), 10:6 есебімен жеңген болатын.

Осылайша, Дамир Жалғасбай мансабындағы ең ірі нәтижелерінің біріне қол жеткізіп, «Үлкен дулыға» санатындағы жасөспірімдер турнирін үздік төрт жұптың қатарында аяқтады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам