ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«АҚШ-қа жарақатпен келген едім»: Рыбакина US Open финалынан кейін мәлімдеме жасады

Финалда ол Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен кездесіп, 2:1 есебімен (6:4, 5:7, 6:2) жеңіске жетті

WTA
WTA

Теннистен АҚШ ашық біріншілігінде жеңімпаз атанған қазақстандық Елена Рыбакина турнир біткеннен кейін кубокті көтеріп, жанкүйерлері мен өз командасына алғысын айтты. Сонымен қатар, ол аталған турнирге жарақатпен келгенін жасырған жоқ.

Еске салайық, US Open финалында отандасымыз Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен кездесіп, 2:1 есебімен (6:4, 5:7, 6:2) жеңіске жетті.

«Шын айтсам, дәл қазір айтарға сөз таппай тұрмын. Бұл турнирге келерде діл осындай болады деп өзім де күткен жоқпын, өйткені жарақатым бар еді. Бірақ, нәтиже өздеріңіз көргендей болды.

Арина, сен мықты чемпионсың, саған қарсы ойнау мен үшін әрдайым өте қиын, корттан әзер шығатынмын. Сені және сенің командаңды құттықтағым келеді, сендер өте мықты жұмыс істедіңдер.

Сондай-ақ, жанкүйерлерге бүгінгідей керемет көңіл күй қалыптастырғаны үшін алғысымды айтамын. Мен бұл кортта соңғы он жылдан бері сәтсіз өнер көрсетіп келдім. Енді міне, Нью-Йоркті жақсы көріп барамын. Жақсы естеліктер үшін баршаңызға алғыс айтамын. Бұл жерге қайта оралар күнді асыға күтемін», - деді Рыбакина финалдағы жеңісінен кейін.

Еске салайық, осы турнир барысында жинаған ұпайының арқасында Елена Рыбакина WTA рейтингінде екіншіден бірінші орынға көтерілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам