Қазақстан теннисшілері Азия ойындарының плей-офф кезеңіне шықты

Ұлттық құрама топтық кезеңде үш жеңіске қол жеткізді

ҰОК
ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы командалық турнирдің топтық кезеңіндегі жарысын аяқтады.

G тобындағы соңғы кездесуде қазақстандықтар Лаос құрамасымен ойнады. Ойын 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңде үш жеңіске қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан Бангладешті 3:0, Сингапурды 3:1 есебімен жеңген болатын.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстандықтардың келесі қарсыласы кейінірек анықталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам