Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Әйгілі Мария Шарапова әкесін бапкерлер штабынан қалай «қуып шыққанын» айтып берді

05.03.2024, 03:08

Ол төрт бірдей «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алған санаулы теннисшілердің бірі

Әйгілі Мария Шарапова әкесін бапкерлер штабынан қалай «қуып шыққанын» айтып берді
Getty Images

Ресейлік әйгілі теннисші, «Үлкен дулыға» турнирлерін бес рет жеңген Мария Шарапова әкесін бапкерлер штабынан қалай кетіргені туралы ашық айтып берді.

Теннисшінің әкесі Юрий Шарапов ұзақ уақыт бойы өз қызын жаттықтырып келген.

«Әкемнің маған жасаған ең үлкен сыйы – түсіністік танытып, менің ісімнен кеткені болды. Қызымен бірге жаттығу жасап, «Үлкен дулығаны» жеңіп алған әке үшін бұл өте ауыр шешім екенін түсінем. Мен әкеме штабтан кету туралы өтінішімді электронды пошта арқылы жіберуді дұрыс деп шештім. Әрі тіке бетіне айтпаймын, әрі ойымды жинақтап жаза аламын. Ол да күндердің бір күнінде командадан кетуі керек екенін білетін. Бірақ, дәл «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алғаннан кейін кетем деп ойлаған жоқ», - деді Шарапова The Deal with Alex Rodriguez and Jason Kelly подкастында.

Мария Шарапова 2004-2014 жылдар аралығында «Үлкен дулыға» турнирлерін бес рет жеңіп алып, біршама уақыт әлемнің бірінші ракеткасы болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам