Теннисшінің айтуынша, психологиямен қатар сәттілік те шешуші рөл атқарады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Арина Соболенконы биылғы екі ірі турнирдің финалында жеңуіне не әсер еткенін айтты.
Қазақстандық теннисші Migu Video стриминг платформасына берген сұхбатында мұндай деңгейдегі кездесулерде ұсақ-түйектің өзі маңызды екенін атап өтті. Оның сөзінше, психологиямен қатар сәттілік те шешуші рөл атқарады.
«Меніңше, бәрі ұсақ-түйектен құралады. Мұндай матчтарда психологияның маңызы зор. Кейде сәттіліктің де сенің жағыңда болғаны керек. Арина – өте мықты қарсылас. Онымен өткізетін әр кездесуіміз тартысты өтеді. Биыл екі ірі турнирдің финалында жеңіске жеттім және мұны мақтан тұтамын», – деді Рыбакина.
Еске салайық, Елена Рыбакина 2026 жылы Аустралия ашық чемпионаты мен US Open турнирінің финалында Арина Соболенконы жеңген еді.
Қазақстандық теннисші бұған дейін WTA қорытынды турниріне қатысатынын растаған. Биылғы маусымның басты жарыстарының бірі Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтеді.