Путинцева Ухань турнирінде камбэк жасап, келесі кезеңге өтті

Telegram WhatsApp

Екінші айналымда Путинцева ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі

Reuters
Reuters

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымына жолдама алды. Ол алғашқы кездесуінде Түркия өкілі Зейнеп Сонмезді үш сетте жеңді.

Әлемдік рейтингте 79-орында тұрған Путинцева алғашқы партияда 6:7 (1:7) есебімен жеңіліп қалғанымен, кейін ойын тізгінін қолға алып, келесі екі сетте 6:3, 7:5 есебімен басым түсті. Кездесу 2 сағат 51 минутқа созылды.

Матч барысында қазақстандық теннисші бірде-бір эйс жасамады және бір рет қос қате жіберді. Сондай-ақ 16 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды. Ал Сонмез төрт рет қос қате жіберіп, тоғыз брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.

Екінші айналымда Путинцева ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі. Бұған дейін екі теннисші өзара екі матч өткізіп, екеуінде де қазақстандық спортшы жеңіске жеткен.

2023 жылы Путинцева Осакадағы турнирде Шнайдерден басым түссе, 2025 жылы Аделаидадағы WTA 500 санатындағы жарыстың ширек финалында тағы да жеңген.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 55 674 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 155 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 136 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 638 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 265 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 144 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 133 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 623 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 396 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 552 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 592 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›