Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Юлия Путинцева Римдегі турнирді жеңіспен бастады

07.05.2024, 23:31

Аталған жарысты былтыр қазақстандық Елена Рыбакина жеңіп алған

Юлия Путинцева Римдегі турнирді жеңіспен бастады
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Римде өтіп жатқан Masters санатындағы турнирді сәтті бастады.

Қазақстандық теннисшінің бірінші айналымдағы қарсыласы Италия өкілі Мартина Тревизан болған. Әлемдік рейтингте Путинцева 41-орында тұрса, қарсыласы 87-сатыда. Кездесу екі сетке созылып, 6:3, 6:4 есебімен Путинцеваның пайдасына аяқталды.

Жерлесіміз 4 эйс жасап, бір рет дабл-фолға жол берген. Матч 1 сағат 44 минутқа созылды. 

Келесі айналымда Путинцева америкалық Слоан Стивенспен кездеседі.

Бұл турнирге Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да қатысып жатыр. Ол аталған жарыстың былтырғы чемпионы. Енді осы атағын сақтап қалу үшін ол Италияға тағы келді. Оның бірінші қарсыласы румыниялық Ирина Бегу болуы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам