Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Екі жыл үзілістен кейін тенниске оралған Зарина Диас алғашқы турнирін жеңіспен бастады

08.05.2024, 13:07

Ол екі жыл жарақатынан емделген

Екі жыл үзілістен кейін тенниске оралған Зарина Диас алғашқы турнирін жеңіспен бастады
instagram.com/zarinadiyas/

Ұзақ жыл спорттан қол үзген Қазақстанның экс-бірінші ракеткасы Зарина Дияс алғашқы жарысына шықты. Фукуокода (Жапония) өтіп жатқан ITF W75 турнирінде жерлесіміз Үндістан теннисшісі Рутуя Бхосалемен (№388) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті.

Дияс соңғы рет 2022 жылы Ролан Гаростың іріктеу сынында кортқа шыққан. Ол кезде қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Гасановадан жеңілген болатын. Мұнан кейін жарақат алып, ұзақ уақыт емделді.

Бүгінгі ойында Дияс 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Матч бір жарым сағатқа созылды. Енді жарыстың екінші айналымында ол Лизетт Кабрера (Аустралия, №358) - Чан Сун Джон (Оңтүстік Корея, №286) жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.

Осы турнирде сәтті өнер көрсетсе Зарина Диас WTA рейтингіне қайта оралады. Екі жылдан астам уақыт ол жарысқа қатыспағандықтан ол рейтингтен шығарылған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам