ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Юлия Путинцева US Open турнирінің чемпионын жеңді

Оның келесі қарсыласы – әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек

instagram/yulia_putintseva
instagram/yulia_putintseva

Қазақстанның екінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Рим қаласында өтіп жатқан Masters турнирінің үшінші айналымына шықты. 

Юлия бүгін 1 сағат 15 минутқа созылған матчта әлемнің 35-ракеткасы Слоан Стивенсті (АҚШ) 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

31 жастағы америкалық теннисші 2017 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатын (US Open) жеңіп алған болатын.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы – әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек. Ол бүгін америкалық теннисші Бернарда Пераны 6:0, 6:2 есебімен айқын жеңді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам