Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Рафаэль Надаль «Ролан Гаростың» бірінші айналымында жеңіліп қалды

27.05.2024, 23:38

Ол жарақатына байланысты ұзақ уақыт кортқа шықпаған еді

Рафаэль Надаль «Ролан Гаростың» бірінші айналымында жеңіліп қалды
Getty Images

«Үлкен дулыға» санатындағы жарыстарды 22 рет жеңіп алған испан теннисшісі Рафаэль Надаль «Ролан Гаррос» (Франция ашық біріншілігі) турнирінің бірінші айналымынан ары аса алмады.

Алғашқы кездесуінде германиялық теннисші Александр Зверевпен кездескен ол 0:3 (3:6, 6:7, 3:6) есебімен есе жіберді. 

Зверев – Олимпиада чемпионы және қазіргі таңда әлемнің төртінші ракеткасы. Ал, Надаль жарақатына байланысты ұзақ үзіліс алып, тенниске жуырда ғана қайта оралды.

Матч 3 сағат 6 минутқа созылды. Осы уақытта Надаль 2 эйс пен 3 дабл-фол жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды. Зверев болса 8 эйс, 3 дабл-фол және 6 брейк-пойнт жасады.

Айта кету керек, Рафаэль Надаль «Ролан Гарросты» 14 рет жеңіп алған. Ол бұған дейін мүлдем бірінші айналымда жеңіліп көрмеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам