Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

28.05.2024, 16:02

Келесі айналымда ол Аранча Рус (Нидерланд) – Анжелика Кербер (Германия) жұбының жеңімпазымен кортқа шығады 

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық біріншілігін («Ролан Гаррос» турнирі – авт.) жеңіспен бастады. 

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші бельгиялық Грет Минненмен кортқа шыққан. Екі сетке созылған матч 6:2, 6:3 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді.

Қос теннисші өзара үш рет кездесіп, үшеуінде де Рыбакина жеңіске жеткен.

Еске салайық, соңғы рет Қазақстан теннисшісі Испаниядағы жарыста өнер көрсетті. Ол кезде жерлесіміз жартылай финалда Арина Соболенкодан (Беларусь) жеңілген еді.

Енді келесі айналымда Елена Рыбакина Аранча Рус (Нидерланд) – Анжелика Кербер (Германия) жұбының жеңімпазымен кортқа шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам