Елена Рыбакина бұрынғы позициясын сақтап қалған
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ең үздік теннисшілердің рейтингін жаңартты. Қазақстандық қыздар тізімдегі позициясын жақсартқан.
Еліміздің бірінші ракеткасы саналатын Елена Рыбакина төртінші сатыда қалды. Үздік үштікте Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) және Кори Гауфф (АҚШ) тұр.
Ал, тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева екі сатыға жоғарылап, 66-орынға жайғасты.
Ал, жұптық ойнауда Анна Данилина 56-орнын сақтап қалды.