Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Елена Рыбакина Абу-Дабиде өткен турнирде Ига Швентектен жеңіліп қалды

22.12.2023, 09:59

Бұл осы жылдың соңғы жарысы

Елена Рыбакина Абу-Дабиде өткен турнирде Ига Швентектен жеңіліп қалды
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Абу-Дабиде командалар арасында өтіп жатқан жарыста әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентектен (Польша) жеңіліп қалды.

Бір сеттік матч 6:4 есебімен Швентектің пайдасына аяқталған. Осылайша олардың командаларының ұпайлары 24:24 болып теңесті. Мұнан кейін Рыбакина мен Швентек арасында тағы бір «алтын сет» ұйымдастырылып, бұл сында қазақстандық теннисшінің мерейі үстем болды (10:8).

Айта кету керек, Рыбакина Сорана Кырстя (Румыния), Сумит Нагал (Үндістан) және Тейлор Фритцпен (АҚШ) бірге Falcons командасында өнер көрсетуде.

Жарысқа барлығы төрт команда қатысады, әрбірінде төрт теннисшіден өнер көрсетеді. Үздік екеуі финалға шығады.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам