Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасында үздік атанды

26.12.2023, 14:43

Екеуі де биыл бірнеше жарыста жеңімпаз атанған

Қазақстандық теннисшілер жасөспірімдер арасында үздік атанды
olympic.kz

Қазақстан теннисшілері Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков Tennis Europe сериясы бойынша 2023 жылдың үздік шетелдік ойыншысы атанды. 

Оlympic.kz сайтының жазуынша, жасөспірімдер арасында өткен сында 14 жастағы Ева мен 16 жастағы Даниэль Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік ойыншысы» (Еуропалық одақ елдерінен емес) сыйлығына ие болған.

Е.Корышева 2023 жылды Стамбұл турнирін жеңіспен бастады. Содан кейін Бельгияда бірінші санаттағы жарыста үздік атанды. 

Сондай-ақ, Ева Tennis Europe рейтингінде жекелей сында жылды 18-орынмен қорытындылап отыр. Ол 24 жеңіс, 5 жеңіліспен (83 пайыз) рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Ал, жұптық сында екі мәрте чемпион атанды.

Даниэль Тазабеков Tennis Europe аясында өткен жеті додада бақ сынап, тұрақты жоғары жетістіктерге ие болды. Соның нәтижесінде жыл соңында 20-орынға көтерілді. Оның рекордтық көрсеткіші – 15 жеңіс, 7 жеңіліс (68 пайыз). Биыл ол жұптық сында екі рет Испанияда Авилесте Apple Bowl және Италияда Толентино турнирінде (екеуі де бірінші санат) озық шықты.

Былтыр мұндай жетістікке қазақстандық жас теннисшілер Заңғар Нұрланұлы, ал 2021 жылы Зара Дәркен ие болған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам