
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы үшінші ойын болғалы отыр
Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы матчтары аясында жеребесі тартылып, Қазақстан теннисшілерінің қарсыласы анықталды. Үлкен теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Корея кортында жергілікті командамен кездеседі. Аталған матчтық кездесулер 12-13 немесе 13-14 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған.
Әзірге ойын өтетін нақты күндер мен ойын өтетін қаланы Оңтүстік Корея тарапы кейінірек анықтайтын болады. Бұл сында жеңіске жеткен құрама алда командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатыспақ.
Айта кететін жайт, бұл кездесу Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы үшінші ойын болғалы отыр. Бұған дейін қос команда арасындағы есеп 1:1 нәтижесін тіркеген.