Зарина Диас Жапониядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Отандасымыз жапониялық Момоко Кобориді айқын басымдықпен жеңді

©Ktf.kz, Андрей Ударцев
©Ktf.kz, Андрей Ударцев

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан ITF W50 санатындағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты.

Ширек финалдық кезеңде ол жапониялық спортшы Момоко Кобориді айқын басымдықпен жеңіп, матчты 6:3, 6:1 есебімен аяқтады.

Турнирдің алтыншы нөмірлі спортшысы атанған Зарина енді жартылай финалда Қытайдың жетінші ракеткасы Мэйлин Ванға қарсы кортқа шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам