WTA басшысы 10 жыл басқарған лауазымынан кететін болды

16.05.2025, 10:15

Ол бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келеді

WTA басшысы 10 жыл басқарған лауазымынан кететін болды
Фото: © Matthew Stockman / Staff / Getty Images Sport

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) басшысы Стив Саймон 2025 жылдың желтоқсан айында қызметінен кететінін мәлімдеді.

Ол бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келеді. Оның орнын босататыны туралы ақпаратты WTA баспасөз қызметі жариялады.

«Осы 10 жыл бойы WTA-ны басқару мен үшін үлкен құрмет болды. Керемет командамен, сондай-ақ теннис әлеміндегі тамаша әріптестермен және достармен жұмыс істеу бақытына ие болдым. Қазір ұйымның сенімді құрылымы, инвестициялары және өршіл мақсаттарға жетуге қабілетті таланттары бар. Қазір – менің қызметтен кететінімді жариялау үшін ең қолайлы уақыт. Бұл Директорлар кеңесіне жаңа төрағаны тағайындауға толық мүмкіндік береді және ол өз кезегінде осы ерекше ұйымның дамуы жолында тынымсыз еңбек етеді деп ойлаймын», – деді Саймон.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам