Зарина Диас Жапониядағы турнирдің финалына шықты

Бүгін, 11:50

Енді ол Жапония өкілі Аяну Шимицумен чемпиондық атаққа таласады

Зарина Диас Жапониядағы турнирдің финалына шықты
ҰОК

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Курумэ қаласында өтіп жатқан ITF W50 санатындағы беделді халықаралық турнирдің финалына шықты.

Тәжірибелі спортшы жарысты сәтті бастап, қатарынан бірнеше сенімді жеңіске қол жеткізді. Бірінші айналымда Зарина жергілікті теннисші Киса Ешиоканы 6:4, 6:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Одан кейін Лиза-Мария Риумен кездесіп, 6:1, 6:3 есебімен тағы бір айқын жеңіске жетті.

Ширек финалда отандасымыз жапониялық Момоко Кобориден 6:3, 6:1 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда Қытайдың мықты теннисшісі Мэйлин Ванды 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Енді Зарина Диас жарыстың шешуші матчында Жапония өкілі Аяну Шимицумен чемпиондық атақ үшін таласа.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам