
Отандасымыз Бразилия спортшысына есе жіберді
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жарысты 1/16 финалда аяқтады.
Бұл кезеңде ол әлемдік рейтингте үздіктердің бірі саналатын Бразилия спортшысы Уго Кальдераномен кездескен болатын.
Ойын қарқынды басталып, Герасименко алғашқы екі партияда жеңіске жетті. Алайда қарсыласы келесі төрт партияда басымдық танытып, матч 4:2 есебімен аяқталды.
Осылайша, Кирилл Герасименко әлем чемпионатының 1/8 финалына өте алмады.