
Қазақстан теннисшілері Қытайға споршыларына есе жіберді
Шымкентте Дэвис кубогының жасөспірімдер арасындағы Азия және Тынық мұхиты елдері аймағының іріктеу турнирінің топтық кезеңі аяқталды.
Турнирдің топтық кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы D тобында өнер көрсетті.
Алғашқы екі кездесуде отандық теннисшілер Жаңа Зеландия мен Иран құрамаларынан басым түсіп, ширек финалға шығу мүмкіндігін арттырғаны еді. Алайда топтағы соңғы ойында Қазақстан теннисшілері Қытайға споршыларына есе жіберді.
Осылайша, екі жеңіс және бір жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті.
Жеребе қорытындысына сәйкес, 1/4 финалда қазақстандықтар Жапония құрамасымен кездеседі. Аталған ойын 22 мамыр күні өтеді.
Айта кетейік, Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алу үшін құрамалар жартылай финалға шығуы тиіс. 1/4 финалда Қазақстан құрамасы Жапониямен кездессе, қалған жұптарда Аустралия Қытайға, Қытай Тайбэйі Өзбекстанға, ал Оңтүстік Корея Гонконгке қарсы ойнайды.