
Отандасымыз польшалық тәжірибелі теннисші Магда Линетті жеңді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA-500 Internationaux de Strasbourg турнирінің жартылай финалына шықты.
Ол ширек финалда польшалық тәжірибелі теннисші Магда Линетті (WTA рейтингінде №33) екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңді.
Кездесудің алғашқы сетінде қос теннисші өзін сенімді ұстады. Дегенмен партия соңына қарай Рыбакина белсенділікті арттырып, 6:5 есебінде брейк жасап, екінші сетті өз пайдасына аяқтады.
Екінші сетте Линетт жиі қателесіп, ойын ритмін жоғалта бастады. Ал Рыбакина керісінше, дәл соққыларымен, шабуылдағы сенімді әрекеттерімен көзге түсіп, жеңіспен аяқтады.
Ойын 1 сағат 40 минутқа созылды. Бұл – Еленаның осы турнирдегі қатарынан екінші жеңісі. Римдегі сәтсіздіктен кейінгі бұл серпіліс оған алда келе жатқан «Ролан Гаррос» додасына сенімді дайындық болмақ.