Ролан Гаррос: Қазақстан теннисшілерінің қарсыласы анықталды

25.05.2025, 13:28

Отандастарымыздың ойыны ертең басталады

Ролан Гаррос: Қазақстан теннисшілерінің қарсыласы анықталды
©Corinne Dubreuil / FFT

Бүгін Парижде теннистен Франция ашық чемпионаты басталады. Аталған турнирде Қазақстанның бірқатар теннисшілері сынға түседі.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алғашқы айналымда швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесуі тиіс болғанымен, қарсыласының жарақатына байланысты аргентиналық  Хулия Риераға қарсы ойнайтын болды.

Сондай-ақ, отандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева алғашқы кезеңде аргентиналық Солана Сьеррамен шеберлік байқасады.

Ерлер санатында Қазақстан теннисшісі Александр Бублик Аустралия өкілі Джеймс Даквортпен өзара мықтыны анықтайды. Әлемдік рейтингте Дакворт 92-сатыда тұр.

Аталған үш ойын да ертең өтеді. Былтыр Францияның ашық біріншілігінде Рыбакина ширек финалға дейін жетсе, Путинцева мен Бублик екінші айналымда жарысты аяқтаған еді.

Ал жұптық сында Анна Данилина (әлемнің 18-ракеткасы) сербиялық Александра Круничпен бірге алғашқы айналымда польшалық Магда Линетт пен америкалық Бернарда Пераға қарсы тұрады. Сонымен бірге, Юлия Путинцева канадалық Лейла Фернандеспен бірге жұптық ойында румыниялық Моника Никулеску мен поляк Катаржина Питермен ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам