
Бұл – Сандуғаштың биылғы маусымдағы төртінші титулы
Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева Қытайдың Мааньшань қаласында өткен ITF W15 сериясындағы халықаралық турнирде топ жарды.
Финалда ол ресейлік әріптесі Софья Лансеремен жұптасып, Қытай өкілі Мэйки Го мен Таиландтан келген Пеангтарн Плипуечті жеңіп шықты. Қарсыластармен болған шешуші кездесу 6:3, 3:6, 10:8 есебімен аяқталды.
Бұл – Сандуғаштың биылғы маусымдағы ITF туы астында жеңіп алған төртінші титулы. Бұған дейін ол Түркияның Анталья қаласында өткен жұптық жарыстарда үш рет чемпион атанған болатын.