
Шевченко қарсыласынан 1:4 есебімен ұтылып жатып, камбэк жасады
Іріктеу кезеңінен шығып қалған Қазастанның екінші ракеткасы Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирінің екінші раундына шықты.
24 жастағы қазақстандық алғашқы кезеңде сербиялық Душан Лайовичті үш сетте 6:2; 6:4; 7:6 (7:4) есебімен жеңді.
Екінші сет барысында Шевченко қарсыласынан 1:4 есебімен ұтылып жатқан, алайда камбэк жасап, ойын тағдырын өз пайдасына шеше білді.
Шевченко «Ролан Гаррос» іріктеу кезеңінің финалына дейін шығып, австриялық Филип Мисоличке есе жіберді. Дегенмен ұйымдастырушылар қазақстандық теннисшіге лаку-лузер ретінде турнирдің бірінші кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік берді.
Екінші кезеңге өткен жерлесіміз 117 мың еуро немесе 68 миллион теңге табыс тапты.