
1/16 финалда отандасымыз латыш қызы Елена Остапенкомен кездеседі
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты. Бүгін америкалық Ива Йовичпен күш сынасқан отандасымыз екі сетте сенімді жеңіске жетті.
Айта кетейік, Рыбакина WTA рейтингінде 11-сатыда тұрса, оның қарсыласы 129-орында еді. Осылайша матч алдында айқын фаворит саналған қазақстандық теннисші 6:3, 6:3 есебін тіркеді.
Үшінші айналымда Рыбакинаның қарсыласы латвиялық Елена Остапенко (21-орын) болады. Ол бүгін америкалық Кэролайн Доулхайдты 5:7, 6:3, 6:3 жеңген болатын.
Рыбакина мен Остапенко бұған дейін бес рет кездесіп, оның үшеуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен.
Еске салайық, Елена Рыбакинаның «Ролан Гаррос» турниріндегі ең үздік нәтижесі – ширек финал. 2021 және 2024 жылдары ол осы кезеңге дейін жетіп сүрінген.