Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

«Ролан Гаррос»: Рыбакина үшінші айналымға өтіп, 97 млн теңге табыс тапты

29.05.2025, 13:59

Ол 17 жасар теннисшісі жеңді

«Ролан Гаррос»: Рыбакина үшінші айналымға өтіп, 97 млн теңге табыс тапты
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші кезеңіне өтті.

Оның бұл нәтижесі қанша сыйақы мен рейтингтік ұпай әкелгені белгілі болды.

Жарыстың екінші кезеңінде Рыбакина америкалық Ива Йовичті айқын басымдықпен ұтса, алғашқы айналымда аргентиналық Хулия Риераны жеңіп шыққан болатын.

Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, үшінші кезеңге жеткен әрбір теннисшіге 168 мың еуро (шамамен 97 миллион теңге) және 130 рейтингтік ұпай беріледі.

Айта кетейік, биылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 56,35 миллион еуроны (32,6 миллиард теңге) құрайды. Финалдағы жеңіс иесі 2,55 миллион еуро (1,4 миллиард теңге) мен 2000 ATP/WTA ұпайын иеленбек.

Еске сала кетейік, «Ролан Гаррос» — маусымдағы төрт «Үлкен дулыға» жарысының бірі. Турнирдің қазіргі чемпионы — әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған польшалық теннисші Ига Швёнтек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам