Джокович: Жанкүйерлер мені ешқашан жақсы көрген жоқ

13.06.2025, 09:52

Әйгілі теннисші жүрегіне бататын жайт туралы айтты

Джокович: Жанкүйерлер мені ешқашан жақсы көрген жоқ
Reuters

Танымал теннисші Новак Джокович жүрегіне бататын жайт туралы айтты.

Новак жанкүйерлердің өзіне деген қарым-қатынасы мен көпшіліктің оны «Үлкен үштіктің» мүшесі ретінде қабылдамағаны жанына қатты батқанын айтты.

«Мені ешқашан Федерер мен Надаль сияқты жақсы көрмеген, себебі мен ол жерде болмауым керек еді. Мен «Нөмір бірінші теннисші боламын» деген мақсаты бар кішкентай ғана жігіт едім. Көпшілік үшін мен бұл жерде артық адамдай көріндім. Сол үшін де мені ұнатпады. Қанша ойнасам да, өзімді керексіз баладай сезінетінмін. Неге бұлай деп өз-өзімнен сан рет сұрадым. Жаныма бататын. Егер басқаша әрекет етсем, жанкүйерлерім түсінетін шығар деген үміт болды, бірақ ештеңе өзгерген жоқ», - деді сербиялық теннисші.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам