Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді жеңіспен бастады

18.06.2025, 09:26

Қазақстандық теннисші осылайша байырғы қарсыласынан реванш алды

Елена Рыбакина Берлиндегі турнирді жеңіспен бастады
WTA

Берлинде басталған WTA 500 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ші ракеткасы Елена Рыбакина жеңіске жетті.

Отандасымыз америкалық Эшлин Крюгермен кездесіп, екі сетте де басым болды, есеп – 6:3, 7:6.

Матчтың бірінші кезеңінде Рыбакина қарсыласының қателігін пайдаланып, жеңіске қиындықсыз қол жеткізсе, екінші кезең тартысқа толы болды. Қарсыластар әрбір доп үшін таласып, ойын тағдырын тай-брейкте бір-ақ шешті.

Осылайша, Елена Рыбакина маңызды жеңіске қол жеткізіп қана қойған жоқ, Крюгерден реванш алды деуге болады. Өйткені, бұл екеуі биыл жыл басында кездесіп, қазақстандық теннисші жеңіліп қалған болатын.

Келесі айналымда Рыбакина әлемнің 74-ші ракеткасы чех Катерина Синяковамен кездеседі. Матч 19 маусымға жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам