Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің финалына шықты

18.10.2025, 13:56

Спортшы жартылай финалда Италия өкілі Жасмин Паолиниді жеңді

Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің финалына шықты
әлеуметтік желі

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды. Әлемдік рейтингтің тоғызыншы нөміріндегі спортшы жартылай финалда Италия өкілі Жасмин Паолиниді (WTA №8) сенімді түрде жеңді, есеп – 6:3, 6:2.

Финалда Рыбакина Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы кездесудің жеңімпазымен бақ сынайды.

Бұл жеңіс Еленаға маусым соңындағы басты жарыс – WTA турниріне қатысу мүмкіндігін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жаңартылған live-рейтингте ол сегізінші орынға көтеріліп, ресейлік Мирра Андрееваны артта қалдырды.

Маусым қорытындысы бойынша үздік сегіз теннисші қатысатын WTA турнирі қараша айының басында Эр-Рияд қаласында өтеді.

Сондай-ақ, маусым соңына дейін Рыбакина мен оның басты қарсыластары тағы бір жарысқа қатысады — 20 қазанда Токиода басталатын WTA 500 турнирі алдағы шешуші кезең болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам