Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы ел чемпионатында бақ сынайды

09.02.2024, 11:24

Жарыс 8-12 ақпан аралығында өтеді

Әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы ел чемпионатында бақ сынайды
latimes.com

Өскеменде құсбегіліктен ересектер арасында басталған Қазақстанның XVII чемпионаты өтеді. Бұл сынға әлемге белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысқалы отыр.

Ұлттық спорт түрлері федерациясының өкілдері саятшылар мен құсбегілікке қызығатын қауым үшін аталған ел чемпионаты өте тартысты өтетінін атады.

8 ақпанда бастау алған құсбегілер арасындағы ел біріншілігі 12 ақпанға дейін жалғасады. Ел біріншілігінде ителгі, бүркіт, қаршыға құстары қатысады. Жеңімпаздар арнайы кубок, диплом, медальдармен және түрлі қаржылай сыйлықтармен марапатталмақ.

Сондай-ақ, айтулы додада талай біріншілікте топ жарғандар өзара бақ сынасады. Бұл құсбегілер сайысында бар әлемді тәнті еткен бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да өз өнерін ортаға салатыны белгілі болып отыр. Біріншіліктің негізігі мақсаты – ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан ата дәстүрді ұмытпай, жаңғыртып, жаңа қырынан көрсетуге бағытталып отыр.

Еске салайық, Айшолпан Нұрғайыпқызы отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам