Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Бакуде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты аяқталды

30.01.2024, 15:36

Жүлдегерлер ақшалай сыйлық алды

Бакуде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты аяқталды
Қазақ күресі федерациясы

Әзірбайжан астанасында қазақ күресінен ересектер арасында 6-шы Еуропа чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды 1bol.kz.

«Біріккен Күрес әлемі» (UWW) аясындағы біріншілікте ерлер мен әйелдер күресіп, 16 салмақ дәрежесінің мықтыларын анықтаған болатын. 

Әлемнің 5 құрлығындағы 40-тан астам мемлекетте төл күресімізден федерациялар ашылған. Бүгінге дейін 10 әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 рет әлем кубогы және 5 Еуропа чемпионаты өтіп, төл күресіміз қанат жайып келеді.

Бұдан бөлек Иран мен Бразилияда кадеттер мен жастар арасында әлем чемпионаттары, Оңтүстік Африкада 2 Африка біріншілігі, Бразилияда Оңтүстік Америка чемпионаты ұйымдастырылды. Ал Qazaq Kuresi Ассоциациясының Әзірбайжанда ұйымдастырған бұл жолғы аламан жарысқа қатысуға ниет білдірген елдердің де саны аз болмады. Ендігі кезекте Еуропа чемпионатының қорытындысына келер болсақ, тартысқа толы белдесулерде топ жарған балуандардың жаңа есімдері анықталып отыр.

Ерлер:

55 келі – Nika Bachiashvili GEO

60 келі – Eyvaz Bakhshiyev AZE

66 келі – Mirfattah Seydaliyev AZE

74 келі – Hajali Gasimov AZE

82 келі – Adil Adilzade AZE

90 келі – Jeyhun Huseynov AZE

100 келі – Zurab Chagelishvili GEO

+100 келі – Mahammad Mammedzada AZE

Әйелдер:

48 келі – Nino Iashvili GEO

52 келі – Anano Morgoshia GEO

56 келі – Mariam Mazanashvili GEO

60 келі – Mari Makharashvili GEO

65 келі – Diana Shoranova AZE

70 келі – Ana Chkhaidze GEO

77 келі – Shahana Almammadova AZE

+77 келі – Elene Kebadze GEO

Осылайша Еуропа чемпионатында 16 салмақ бойынша І орынға 1 000, ІІ орынға 500, ал ІІІ орынға 250 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам