ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Елімізде «Арқантартыс» федерациясы құрылды

29.01.2024, 15:46

Биылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойынында арқан тартыстан жарыс өтеді

Елімізде «Арқантартыс» федерациясы құрылды
Википедия

Арқантартыс әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Халықаралық арқантартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылған спорт түрі. Аталған спорт биыл елімізде өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген.

Жаңадан құрылған Республикалық федерация президенті болып Еркебұлан Ілиясов тағайындалды. Федерацияның даму бағыты бойынша вице-президенті болып ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт қайраткері Нұрлан Жабаев, спорт жөніндегі вице-президент болып «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директоры Бақдаулет Сәбитов тағайындалды.

Жаңадан құрылған федерация Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арқан тартыстан қатысатын ел құрамасын жасақтауды көздеп отыр. Осыған орай еліміздің 5 аймағында іріктеу жарыстары өтеді.

Жарыс ІІ кезеңнен тұрып, оның алғашықысында аймақтық (орталық, солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік) іріктеу жарыстары ұйымдастырылады. Ал, екінші кезеңде финалдық кездесулер өтеді. Әр аймақтық іріктеуде жеңімпаз атанған командалар ІІ кезеңге жолдама алады. Аймақты іріктеу сындары ақпан айы бойы еліміздің Астана, Көкшетау, Семей, Атырау, Тараз қалаларында болады. Ал финалық ойын 6-7 наурызда елордада өтпек.

Ерлер арасында: 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы, салмақ дәрежелері 720 келі.

Әйелдер арасында: 8 спортшы, 2 алмастырушы спортшы, салмақ дәрежесі 560 келі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам