«Бізге хана». «Тобыл» жанкүйерлері «Атыраумен» ойында төрешіден қорқып отыр

Редактор
19.06.2024, 11:37

Олар ойынның өзінен гөрі төреші жұмысы маңыздырақ екенін айтты

instagram.com/fctobol Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/football/2109570-tobyl-atyrau-matchynyng-esebi-nege-ozgerdi-qazaqstan-futbol-federatsiiasy-tusindirdi/

«Серый CARDINAL» телеграм-арнасы Қазақстан кубогының аясында өтетін «Атырау» мен Қостанайдың «Тобылы» арасындағы қарымта матчтағы төрешілікке қатысты болжам жасады. 

Арна соңғы уақытта болып жатқан төрешілікке қатысты жанкүйерлердің өзі қатты уайымдап отырғанын, дәл қазір ойынның өзінен гөрі төреші жұмысы маңыздырақ екенін айтады.

«Не десек те бұл матчта, өкінішке қарай, төрешілік маңызды рөл атқаруы мүмкін. Қазіргі жағдай солай. Бар үміт – әділ төрешілікте. Бізге Болат Сариев пен өзге де төрешілердің кәсібилігіне және VAR-ға үміт арту ғана қалды. Одан қалды QFL камерасы мен трансляция режиссёрі жұмысын ойдағыдай атқарады деп ойлаймыз. Бұл жолы соғылған немесе есептелмеген голды, өзге де тәртіп бұзушылықты мүлт жіберіп алмаса екен дейміз. Айтпақшы, QFL басшысы Ғ.Қайназаров жақында ҚПЛ-дің екі төрешісімен кездесті. Олардың не жайлы сөйлескені маңызды емес. Бастысы, QFL камералары матчтың негізгі сәттерін, әсіресе төрешінің әрекеттерін, ол орталыққа қарай көрсетті ме, әлде қақпадан кері көрсетті ме, соның бәрін жіберіп алмаса екен деген тілек. Әйтпесе теледидар мен хаттамадағы есеп екі түрлі болуы мүмкін, мұның бәрі үлкен дауға алып келеді. Оның үстіне бәрі жапа-тармағай қорғаштаған Кучиннің бейкүнә еместігін білдік», - деді арна авторы.

Естеріңізде болса, биылғы маусымның 11-турында «Астана» мен «Ордабасы» командалары кездесіп, бұл матчта бас төреші болған Артем Кучин өрескел қателік жіберді. Нақтырағы, ол матчтың 34-минутында шымкенттік футболшы қарсыласының арқасынан итеріп жібергені үшін «Ордабасы» клубының қақпасына пенальти белгілемеген болатын. Бұл жайт көпшілік арасында дау тудырды. Кейіннен аталған жайтты комиссия қарап, төрешіні маусым соңына дейін матчтардан шеттетті.

Материалда: