ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Абай Алпамысов Ұлттық баскетбол федерациясының президенті болып қайта сайланды

25.08.2026, 17:20

Абай Алпамысов Қазақстан баскетбол федерациясын 2022 жылдан бері басқарып келеді

Абай Алпамысов Ұлттық баскетбол федерациясының президенті болып қайта сайланды
ҰОК

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық баскетбол федерациясының конференциясы өтті.

Іс-шараға Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті шейх Сауд Али Әл Тани, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Ұлттық баскетбол федерациясының басшысын сайлау болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Абай Алпамысов жаңа мерзімге федерация президенті болып сайланды.

Айта кетейік, Абай Алпамысов Қазақстан баскетбол федерациясын 2022 жылдан бері басқарып келеді. Бұған дейін ол 2013-2017 жылдары да ұйым президенті қызметін атқарған.

Сондай-ақ, ол FIBA Азия басқармасының мүшесі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам