Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Ресей боксшылары жоғары деңгей көрсетіп жатыр, бірақ біз 4 алтын аламыз – Серік Сәпиев

13.12.2025, 10:02

Сәпиев былғары қолғап шеберлерінің алтын алуға толық мүмкіндігі бар екенін алға тартты

Ресей боксшылары жоғары деңгей көрсетіп жатыр, бірақ біз 4 алтын аламыз – Серік Сәпиев
Фото: instagram.com/serik_sapiyev/

Бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев отандық боксшыларды қолдау үшін арнайы Дубайға келді. Бұл жерде IBA ұйымдастыруымен әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Сәпиев былғары қолғап шеберлерінің алтын алуға толық мүмкіндігі бар екенін алға тартты.

«Дубайға отандық боксшыларды қолдау үшін арнайы келдім. Төрт боксшымыз финалға шықты, соның үшеуі - ресейліктермен, біреуі тәжікстандық боксшымен жұдырықтасады.

Жігіттеріміз жақсы дайындықпен келген, сенеміз. Сәкен Бибосынов - әлем чемпионы. Асылқұлов - мықты боксшы, Жүсіпов пен Аққалықов қарағандылық жігіттер, жақсы танимын. Қай-қайсысы да алтын алуға лайық», - деді ол.

Тәжірибелі спортшыдан ресейлік 12 боксшының финалға шығуына қатысты пікірін де білдік.

«Ресей боксшылары осы чемпионатта жоғары деңгей көрсетіп жатыр, 12 боксшысы финалға жолдама алды. Мықты құрамын әкелген. Бірақ біздің жігіттер аянып қалмасы анық», - деа қосты ол.

Сонымен қатар төрешілік жайлы ойын да ортаға салды.

«Төрешілікке қатысты пікір білдіру қиын, жекпе-жектерді түгел қарай алмадым. Себебі Қазақстанда әлем чемпионатын көрсетіп жатқан жоқ. Дегенмен төрешілер әділетті шешім қабылдайды деп ойлаймын», - деді Сәпиев.

Ол жерлесі Абылайхан Жүсіповтің өзінің жетістігін қайталайтынына қуанышты екенін де жеткізді.

«Бұйыртса, ертең төртінші медалін иеленеді. Абылайхан Жүсіпов алтын алуға дайын деп есептеймін. Хабарласып, қолдауымды жеткіздім. Жалпы, боксшылардың барлығын қолдаймыз, жігіттерге сәттілік!» - деді ардагер боксшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам