Ол осымен екінші рет жеңді.
Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіске жеткен Сәкен Бибосынов тартысты айқасқа бағасын берді.
Екі дүркін чемпион атандым, дегенмен финал қиын болды. Ресейлік боксшы әрі жас, әрі шыдамды екен. Бірінші және үшінші раунд тартысты болғанымен, екінші раундта айқын басым түстім. Қазақта «Біреудің тағымен талассаң да, бағымен таласа алмайсың» деген сөз бар. әлем чемпионатында бағым жанып, чемпион атанғанудың сәті түсті. Осы әлем чемпионатына дейін талай сынақ, талай жарақат болды. Кейде жеңісті тартып алғандар кездер де болды. Бүгін жоғары деңгейде өнер көрсете алмасам да, бақ мен жақта болды, Аллаға шүкір деймін, - деді боксшы.
Бибосынов жеңісін анасына арнады.
Екі ай бұрын анам жол апатынан жарақат алған болатын, қазіргі таңда анамның жағдайы жақсы, шүкір. Бүгінгі жеңісімді анама арнаймын. Анашым, мен сізді өте жақсы көремін. Бұл жеңіс сізге арналады, - деді ол.