Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

«Ол жеңе алмайды». Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтардың шама-шарқын айтты

06.01.2026, 15:39

Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 27 желтоқсанда Ташкент қаласында өткізді

«Ол жеңе алмайды».  Данияр Елеусінов Еркебұлан Тоқтардың шама-шарқын айтты
әлеуметтік желі

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов танымал актер әрі поп-ММА жұлдызы Еркебулан Тоқтармен ықтимал жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді.

2025 жылы шаршы алаңға небәрі бір рет шыққан Елеусінов медиялық деңгейі жоғары қарсыласпен жұдырықтасуға қарсы емес екенін айтты. Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтар – Қазақстандағы ең танымал поп-ММА жауынгерлердің бірі. YouTube-тегі SauBall арнасына берген сұхбатында Данияр Тоқтармен жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді.

Алайда Олимпиада чемпионы бұл кездесудің спорттық емес, тек коммерциялық маңызы барын ашық айтты.

–  Танымал спортшылар медиа-файтерлермен Америкада жиі төбелесіп жатады. Еркебұлан Токтармен жекпе-жек өткізгіңіз келе ме?

–  Егер табыс тұрғысынан алсақ –  иә. Ал спорттық  тұрғыдан қызығушылық жоқ. Өйткені ол жеңе алмайды, –  деді Елеусінов.

34 жастағы қазақстандық боксшы мұндай жекпе-жек оның спорттық мансабына ешқандай құндылық қоспайтынын, бірақ табыс пен медиялық тұрғыдан тиімді болуы мүмкін екенін атап өтті.

– Америкада блогерлермен жиі жекпе-жек өтеді ғой. Сізге де сондай формат қызық па?

–  Тек табыс үшін болса –  иә. Ал спорттық тұрғыда мағына жоқ, –  деп нақтылады ол.

Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 27 желтоқсанда Ташкент қаласында өткізді. Өзбекстан астанасында өткен бокс кешінде ол жергілікті спортшы Тимур Никулинмен қолғап түйістіріп, бірінші раундтың 72-секундында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ал Данияр Елеусинов соңғы рет 2025 жылдың шілдесінде АҚШ-тың Вашингтон қаласында шаршы алаңға шықты. Ол филиппиндік боксшы Джеймс Бэконды (26-6, 17 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам